Әлемге әйгілі әнші Тейлор Свифт пен NFL ойыншысы Трэвис Келси жасырын түрде үйленді, деп хабарлайды NY Post. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұп некелерін жария етпеуге шешім қабылдап, тек жақын туыстары мен достарының қатысуымен шағын рәсім өткізген. Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Тейлор Свифт пен Трэвис Келсидің қарым-қатынасы бұқаралық ақпарат құралдарының назарында болып келген еді.
