Техас штатының Даллас қаласына жақын жерде полиция қызметкері жанған көліктен жүргізушіні бірнеше секунд бұрын құтқарып үлгерді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Капрал Джошуа Суишер тас жолда көлікті тоқтатып, тексеру жүргізіп жатқанда, жақын маңдағы көліктен түтін шығып жатқанын байқаған. Ол көлікті авариялық жолаққа бағыттағаннан кейін, көліктің астынан жалын шығып, жүргізуші ішінде қалған.

Жаңа жарияланған бейнежазбада 7 маусымда болған оқиға көрсетілген. Бейнежазба дене камерасы мен борттық камерадан алынған. Полицейдің жылдам әрекетінің арқасында жүргізуші аман қалды.