Фото: Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтау қаласында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде 7 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бұл туралы шаһар басшысы есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат порталы.

Экологиялық шарада Маңғыстаудың климаттық жағдайына жақсы бейімделген клен, платан, акация, айланд, гледичия, туя, можжевельник және қайың секілді ағаш түрлері отырғызылды.

Еске салайық, Ақтауда күзгі ағаш отырғызу маусымының өзінде 2 мыңнан астам биікті 4, 4 жарым метрді құрайтын ағаш отырғызылды.