2025 жылғы 14 қараша күні Жетісу ауданының комьюнити-орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Қағаз boom» экологиялық шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту, қалдықтарды сұрыптау дағдыларын қалыптастыру және тұрғындардың экосана деңгейін арттыру, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Акцияға аудан тұрғындары, жастар және студенттер белсенді қатысып, қажетсіз газет, журнал, картон және кеңсе қағаздарын тапсырды. Нәтижесінде шамамен 2 тоннаға жуық макулатура жиналып, арнайы қабылдау пунктіне жөнелтілді.
««Қоршаған ортаны қорғау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Бүгінгі «Қағаз boom» акциясына тұрғындардың белсенді қатысуы олардың экологиялық мәдениетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Біз алдағы уақытта да экологиялық бастамаларды дамытып, жастарды табиғатты аялауға баулуды жалғастырамыз», – деді Жетісу ауданы комьюнити орталығының жетекшісі Есен Абдихалық.»
—
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындарды табиғатты қорғау мәдениетіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді. #ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan