Пентагонның Таяу Шығысқа екінші авианосецтік соққы тобын аттандыру туралы шешімі Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленісті күшейтті, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі Fox News арнасына берген сұхбатында президент Дональд Трамптың әкімшілігі Иран бағытына қосымша әскери күштерді жөнелтіп жатқанын растады.

««Біз қазіргі келіссөздерден озып кеткіміз келмейді, алайда әкімшілік ықтимал қауіп-қатерге жауап беру үшін барлық ресурстарды орналастырып, түрлі іс-қимыл жоспарын қарастыруда», – деді ол.»

The Wall Street Journal басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Пентагонның екінші авианосец тобына Таяу Шығысқа аттануға дайын болу туралы бұйрық бергенін жазды.

Жаңа топ аймақта бұрыннан орналасқан USS Abraham Lincoln кемесіне қосылмақ. Ол – USS George H.W. Bush авианосеці бастаған соққы тобы. Шенеуніктердің бірінің айтуынша, жаңа авианосец АҚШ-тың шығыс жағалауынан шамамен екі апта ішінде жолға шығуы мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден