Ғылым және жоғары білім министрлігі тау-кен саласында жойылатын және пайда болатын мамандықтардың тізімін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның айтуынша, бүгінде білім беру бағдарламаларын жаңарту кезінде жаңа мамандықтар атласы ескеріледі. Оған сәйкес, тау-кен саласында келесі жаңа мамандықтар пайда болады:

  • 01Предиктивті диагностика инженері
  • 02Қашықтан жұмыс істейтін оператор-технолог
  • 03Өндірістік үдерістерді үйлестіру менеджері
  • 04Композициялық материалдар конструкторы

Ал жойылатын мамандықтар ретінде мыналар айқындалды:

  • 01Абоненттік топ бақылаушысы
  • 02Бақылаушы технолог
  • 03Бункерші
  • 04Бульдозер машинисі
  • 05Конвейер машинисі

Абылайхан Астанадағы көмір өнеркәсібі форумында бұл тізімдерді жариялады. Оның айтуынша, бүгінде білім беру гранттарының 60 проценті инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінеді. Сонымен қатар жоғары оқу орындары жұмыс берушілердің сұранысына қарай білім беру бағдарламаларын өздері әзірлей алады.