Астанада Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі іске қосылғалы бері онымен жүрген жолаушылар саны 10 миллионнан асты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпарат қала әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап таратты.
Қыркүйек айында жеңіл рельсті көліктің орташа тәуліктік жолаушылар легі шамамен 80 мың адамды құрады.
Ең көп сұранысқа ие станциялар
Жолаушылар арасында ең көп сұранысқа ие станциялар:
- 01"Университет" – 1 463 953 жолаушы;
- 02"Бәйтерек" – 1 208 610 жолаушы;
- 03"Нұрлы жол" – 1 060 068 жолаушы.
Жол ақысын төлеу тәсілдері
Жол ақысын бірнеше тәсілмен, соның ішінде көлік картасы, банк картасы және байланыссыз төлем әдістері арқылы төлеуге болады.
Сонымен қатар, Tarlan Astana станцияларында бақылау күшейді. Бұл туралы ақпарат 1 тамызда, сағат 13:18-де жарияланған болатын.
