Астанадағы Tarlan Astana станцияларында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және жолаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған тұрақты профилактикалық акциялар өтуде. Көлік прокуратурасының қызметкерлері көлік полициясымен бірлесіп, көлік нысандарындағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіріп, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты еске салады, сондай-ақ азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық жадынамалар таратты.

Tarlan Astana іске қосылған сәттен бастап жолаушылардан түскен 34 өтініш қаралып, 10 әкімшілік материал толтырылды. Сонымен қатар иелеріне 113-тен астам ұмытылған заттар, соның ішінде ұялы телефондар, сөмкелер және басқа да жеке мүліктер қайтарылды, - дейді прокуратура өкілдері.

Профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі.