Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Ақорданың ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, мемлекет басшысы бұл шешімді Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы мен «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға сүйеніп қабылдаған.
Жалпыхалықтық дауыс беруге бір ғана сауал шығарылады. Ол сауал мынадай:
««Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»»
—
Жарлыққа сәйкес, Ата заңның жаңа жобасы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануы тиіс. Бұл азаматтарға талқылау және өз позициясын анықтау үшін бір айдан астам уақыт береді.
Референдумды дайындау және өткізу жауапкершілігі Орталық сайлау комиссиясына жүктелді. Ал Үкімет Орталық сайлау комиссиясымен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, референдумды ұйымдастыру бойынша барлық қажетті шараны қабылдауы керек.
Бұл жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.
Фото: Әлеуметтік желіден
