Тарихи амнезия ақыр аяғында адамгершіліктен айырылуға әкеледі, деп мәлімдеді «Россия сегодня» және RT халықаралық медиа тобының бас редакторы Маргарита Симонян. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Санкт-Петербург халықаралық заң форумында «Еуропаның тарихи амнезиясы» сессиясының модераторы болды. Тарихи жадты сақтаудың маңыздылығы туралы айта отырып, Симонян мектеп жылдарында АҚШ-та студент алмасу бағдарламасы кезіндегі америкалық мұғаліммен болған әңгімесін еске алды.

Айтуынша, ұстазы Вашингтон Белградты бомбалады дегенге сенбеді. Маргарита Симонян сол кезде оған интернеттен сол туралы ақпаратты қарауды ұсынған. «Жиырма минуттан кейін мұғалім "ақ қағаздай бозарып" оралды. Адамгершілікті жоғалтуға әкелетін тарихи амнезия. Өйткені адамзат қауымын қауымдастық ететін ортақ жады, яғни тарих», - деді Симонян.

Айта кетері, Санкт-Петербург халықаралық заң форумы Санкт-Петербургте 24-26 маусым аралығында өтіп жатыр.