Жамбыл облысында 1986 жылы салынған Тараз теміржол вокзалын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы.

Қайта жаңғырту барысында вокзалдың екі қабатты ғимараты толық жаңартылды. Қазір оның жалпы ауданы 3 035 шаршы метрді құрайды.

Жұмыстар ғимараттың қасбеті мен шатырын, ішкі бөлмелерін, инженерлік желілерін, перронды және оған іргелес аумақты қамтыды.