4 шілдеде Астана уақытымен сағат 4:40-та сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді. Эпицентр Қазақстан аумағында, Алматыдан батысқа қарай 413 км қашықтықта орналасқан. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жер сілкінісін Тараз тұрғындары сезінді.

«Сезімталдық туралы мәліметтер: Тараз 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ», — делінген ведомство хабарламасында.

Құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды:

Бұған дейін «Курсив» 27 маусымда Астана уақытымен 18:34-те болған жер сілкінісі туралы жазған болатын.

Сейсмологтардың мәліметінше, сол жер сілкінісінің эпицентрі Ауғанстан аумағында орналасқан.

Есептік қарқындылығы 2 балл болатын жер асты дүмпулері Шымкентте, сондай-ақ Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекендерінде тіркелді.

Түркістан облысында жер сілкінісін Мырзакент, Жетісай, Абай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Леңгір, Сайрам, Манкент, Ақсүкент, Тұрар Рысқұлов, Арыс, Темірлановка, Шәуілдір және Шаян тұрғындары сезінді.

Жамбыл облысында дүмпулер Таразда, сондай-ақ Бауыржан Момышұлы, Сарыкемер, Аса, Құлан, Мерке ауылдары мен Қаратау қаласында сезілді.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер немесе қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.