Тараз қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Геннадий Иванов 100 жасқа толды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Майдангерді мерейтойымен құттықтауға әскерилер, қарияның туған-туыстары, жақындары мен достары жиналды. Геннадий Иванович қонақтарды өзі қарсы алып, игі тілектер үшін ризашылығын білдірді.

Қарияның майдан жолы 17 жасында басталған. Ол соғыс жылдарында Берлинге дейін жетіп, Жеңістен кейін де әскери қызметін жалғастырған.

Қорғаныс министрлігінің хабарламасында: "Ардагер келген қонақтарға ерекше ілтипат пен жылы лебіздері үшін шын жүректен алғыс айтты. Әскери қызметшілермен жүздесу өзіне әрқашан ерекше сезім ұялататынын, өйткені әскери бауырластық оның өмірінің мәңгілік ажырамас бөлігі болып қала беретінін атап өтті", - делінген.