Тараз қаласында үш баланың анасы соттың шешімімен банкрот деп танылды. Әйел 7 жерден кредит алған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарыздың жалпы сомасы 7,4 млн теңгеден асып кеткен. Кредиттер бойынша төлем бір жыл бойы жасалған. Алайда қарызды реттеу процедурасы нәтиже бермеген. Осыдан кейін үш баланың анасы соттан өзін банкрот деп тануды сұраған.

Соттың хабарламасында былай делінген: «Қаржы басқарушысының қорытындысы мен түгендеу актісіне сәйкес, борышкердің сатуға жататын мүлкі жоқ. Оның атында жылжымайтын мүлік, автокөлік және құнды активтер тіркелмеген. Борышкер ресми түрде жұмыссыз ретінде есепте тұрады. Екі жыл бұрын ажырасып кеткен».

Қазіргі кезде әйел жалдамалы пәтерде кәмелетке толмаған үш баласымен тұрады. Кіші баласына туа біткен ауруына байланысты үнемі күтім мен емдеу қажет.

Сот шешімімен арыз қанағаттандырылды. Қаржы басқарушысына банкроттық туралы ақпаратты жариялау, барлық шектеулерді және инкассалық өкімдерді алып тастау, кредиторлармен есеп айырысу үшін арнайы шот ашу тапсырылды.

Банкрот кезінде кредит алуға және Қазақстаннан тыс жерге шығуға тыйым салынады. Сот үкімі заңды күшіне енді.