Тараздың Ұлы дала ауданындағы каналдан нәресте табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға үш күн бұрын болған. Куәгерлердің айтуынша, жаңа туған қыз баланың денесін каналдың жанында ойнаған бала байқаған.

Қылмыстық кодекстің 100-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.

Полиция қызметкерлері баланың анасының кім екенін анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.