Тараз қаласының тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде көпшілік алдында балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткені үшін 5 тәулікке қамалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, желідегі тікелей эфирде балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткен азамат полиция назарына ілікті. Тексеру барысында “Тау адам” лақап атымен тіркелген аккаунттың Тараз қаласының тұрғыны Абзал Салиховқа тиесілі екені анықталды.

Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде контент жасаушылардың жауапкершілігі туралы тағы бір ескерту болды.