Тараз қалалық соты Норвегияда тұрақты тұратын екі әйелдің мұрагерлік құқығын қорғады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдердің әкесі 2024 жылғы қазанда қайтыс болған. Алайда қыздары әкесінің қайтыс болғанын төрт айдан кейін ғана білген. Құжаттарды рәсімдеу барысында олар бірқатар қиындықтарға тап болған. Нотариус мұрагерлердің тегі ағылшын тілінде көрсетілген сенімхаттарды қабылдаудан бас тартқан. Осыған байланысты нотариус оларға мұрагерлік құқығы туралы куәлік беруден де бас тартқан.

Сот шешімімен талап қоюшылардың мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтіріліп, олар әкесі қайтыс болғаннан кейін мұраны қабылдады деп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.