Астанада тандырханада жарылыс болып, салдарынан сол маңайда жүрген бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды qazaqyia.kz/

Оқыс оқиға Алматы ауданындағы М.Жұмабаев көшесінде болды. Қалалық ТЖД мәліметінше, екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шыққан.

««ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған. Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жылдам әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді», — делінген ТЖД хабарламасында.»

Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы анықталуда.