Қазақстанда ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік беретін ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тамыз ҰБТ-сы 14 тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде 30 мыңнан астам талапкер тест тапсыруға өтініш білдірді.
Олардың 65%-ы қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде, ал 100 адам ағылшын тілінде қажетті ұпай жинауға ниетті.
ҰБТ-ға қатысатындар
- 01биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері;
- 02қандастар;
- 03шетелде орта білім алған түлектер;
- 04шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа даярлау бағыттарына ауысқысы келетін студенттер;
- 05басқа білім беру бағдарламаларынан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер;
- 06алдыңғы оқу жылында шекті балл жинамаған және ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылданған тұлғалар.
Сонымен қатар, өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында ақылы негізде білімін жалғастыруды жоспарлаған колледж түлектері әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түсе алады.
"Бұл жағдайда қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады", - делінген ресми хабарламада.
