Биыл тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде атмосфералық құрғақшылық күтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, тамызда 7 өңірдің бірнеше елді мекенінде құрғақшылық болады. Құрғақшылық күтілетін аймақтар:

  • 01**Батыс Қазақстан облысы:** Бөкей Орда және Жәнібек аудандарында
  • 02**Ақтөбе облысы:** Шалқар және Ырғыз аудандарында
  • 03**Атырау облысы:** Құрманғазы ауданында
  • 04**Алматы облысы:** Балқаш ауданында
  • 05**Жамбыл облысы:** Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас және Жамбыл аудандарында
  • 06**Түркістан облысы:** Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Бәйдібек және Келес аудандарында
  • 07**Қызылорда облысы:** Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында

Ал Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында ауа райы бірқалыпты ылғалды болады, дейді синоптиктер.

Еліміздің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады.