Қазақстанда тамыз айында ауа райы қандай болатыны белгілі болды. Синоптиктердің болжамынша, жаздың соңғы айында еліміздің оңтүстігі мен батысында негізінен ыстық ауа райы сақталса, солтүстік жартысында жаңбырлы, найзағайлы әрі салыстырмалы түрде салқындау болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тамыздың бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, тіпті бұршақ жаууы мүмкін. Кей уақытта елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында, сондай-ақ кезең ортасында оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.
Алайда бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республиканың батыс жартысында және орталығында жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды деп күтіледі.
Температуралық режим
Тамыздың бірінші онкүндігінде Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында күндізгі ауа температурасы +25+35°С-тан +34+39°С-қа дейін, ал Атырау облысының оңтүстігінде +41°С-қа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында термометрлер +35+40°С-тан +39+44°С-қа дейін көрсетеді.
Солтүстікте және Қостанай облысында күндізгі ауа температурасы +25+35°С-тан +20+28°С-қа дейін төмендейді, ал онкүндіктің соңында қайтадан +30+38°С-қа дейін ыстық болады. Оңтүстікте ауа температурасы +39+44°С-тан +29+36°С-қа дейін төмендейді.
Орталық пен шығыста +33+41°С қатты ыстықтан кейін сынап бағанасы +22+31°С-қа дейін түседі. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы +34+39°С, ал Жамбыл облысында +42°С-тан +27+35°С-қа дейін болады.
Екінші және үшінші онкүндіктер
Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3+8°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +25+35°С-қа дейін көтеріледі. Батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде +17+27°С-тан +13+18°С-қа дейін, күндіз +32+42°С-тан +25+35°С-қа дейін төмендейді.
