Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында чемпион атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Туризм және спорт министрлігінің хабарламасына сәйкес, 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы финалда Филиппин өкілі К. Барбосаны жеңіп, алтын медаль иеленді.
Осылайша Тамирлан Тілеулес Қазақстан құрамасына Азиададағы 12-ші алтын медальді әкелді.
Бұл – Қазақстанның Азиада тарихында ерлер арасындағы таеквондодан жеңіп алған алғашқы алтын медалі.
Айта кетері, Айчи-Нагоядағы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
