«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің өкілеттілігі тоқтатылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компанияның акционері - «Самұрық-Қазына» қоры бүгін өз шешімін жариялады. «Жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды», - делінген ресми хабарламада.
Алдыбергенов осы қызметке 2025 жылы 3 шілде күні тағайындалған болатын. Бұған дейін ҚТЖ-ны Нұрлан Сауранбаев басқарды. Қазіргі кезде ол көлік министрі қызметін атқарып жүр.
