Талдықорғанда TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Polisia.kz мәліметінше, кезекті мониторинг барысында TikTok-та тікелей эфирде қоғамдық әдеп нормаларын бұзған азамат анықталған. Құқық бұзушы – Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны.
Полицияның айтуынша, тексеру барысында оның бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталған. Алайда соған қарамастан, ол заң талаптарын қайтадан бұзған.
Сот қаулысымен әйелге әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдың нақты мөлшері хабарланбаған.
