Америкалық журналист Такер Карлсон Израильдің «Моссад» барлау қызметінің агенттері Парсы шығанағы елдерінде теракт ұйымдастыруды жоспарлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, жақында Катар мен Сауд Арабиясының билігі өз аумағында жарылыс жасамақ болған израильдік агенттерді ұстаған.
««Неге израильдіктер Иранның өзі шабуыл жасап отырған Парсы шығанағының екі елінде жарылыс ұйымдастыруы керек? Олар бір жақта емес пе? Жоқ. Жоқ. Жоқ», – деді ол.»
—
Карлсонның сөзінше, Израиль тек Иранды ғана емес, сонымен бірге Парсы шығанағындағы одақтас мемлекеттерді – Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Оман және Кувейтті де әлсіретуді көздейді.
Сонымен қатар журналист қақтығыс аймағында қаза тапқан америкалық әскерилердің ресми санына күмән келтірді. Ол шынайы шығынның әлдеқайда көп екенін алға тартты. Карлсон бұл соғыс АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін емес, тек Израильдің мүддесі үшін жүргізіліп жатқанын атап өтті.
