Тайландтың оңтүстігінде болған шабуылда бес қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуыл 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша таңертең болған. Қаза тапқандардың арасында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер бар. Жараланғандар ауруханаға жеткізілді. Шабуылға кімнің жауапты екені әзірге белгісіз, бірақ бұл аймақта бұрын да сепаратистік топтардың шабуылдары болған.