Тайланд патшайымы Сутхида жойғыш ұшақта алғаш рет жалғыз ұшты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Патшайым 8 қазанда Тайландтың оңтүстігіндегі Сурат Тхани провинциясындағы әуе алаңында Gripen ұшағына мінгені көрсетілді. Патша Маха Ваджиралонгкорн жерден бақылап тұрды.

Патша үйінің мәлімдеуінше, ол тәжірибелі ұшқыш. 2010 жылы ұшуға кіріскеннен бері әртүрлі ұшақ түрлерінде шамамен 1 188 сағат ұшқан.

Сонымен қатар, патша үйінің хабарлауынша, ол патшаны ресми сапарлармен басқа елдерге алып барған ұшақтарды бірге басқарған.