Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Тайланд премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Сихасак Пхуангкеткеомен кездесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесуде тараптар өзара сауданы кеңейту, экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық және дипломатиялық байланыс мәселелерін талқылады. Тайланд тарапы Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) еркін сауда туралы келісім жасасуға ниет білдірді.
