Тайфун Бави Жапонияның оңтүстік аралдарын қатты соққыға алып, Тайвань билігі мыңдаған адамды эвакуациялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тайфун салдарынан Жапонияның оңтүстік аралдарында қатты жел мен жаңбыр тіркелді. Тайваньда алдын алу шаралары ретінде мыңдаған адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.