Тай патшасының үлкен қызы, ханшайым Патчаракитиябха, 47 жасында ұзақ аурудан кейін қайтыс болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ханшайым Патчаракитиябха Тай патшасы Маха Вачиралонгкорнның төрт баласының үлкені болды. Ол 1978 жылы 7 желтоқсанда дүниеге келген. Оның қайтыс болуы туралы ресми хабарды Король сарайы жариялады.