Ньютон, Айова (AP) — Тай Гиббс кеш пит-стратегиясын қолданып, соңғы 20 айналымда командаласы Кристофер Беллді артта қалдырып, жексенбіде Айова Спидвейінде өткен NASCAR Cup Series жарысында жеңіске жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Гиббс — бұрынғы NFL бапкері әрі NASCAR командасының иесі Джо Гиббстің 23 жастағы немересі — JGR командаласынан 0,253 секундқа озып, маусымдағы және мансабындағы екінші жеңісін қанжығалады.

Гиббс пен Белл 350 айналымдық жарыста 60 айналым қалғанда пит-стоп жасады, бірақ Белл төрт дөңгелек ауыстырса, Гиббс тек екеуін ауыстырып, алға шықты. Ал көшбасшы Росс Частейн 330-айналымда пит-стопқа түскенде, Гиббс бірінші орынды иеленіп, Беллдің соңғы шабуылына тойтарыс берді.

Гиббстің күні бойы алғашқы пит-стопында домкрат тым ерте түсіп, қиындық туындаған еді.