Бангкоктен есірткі салынған чемодан тасыған қазақстандық бойжеткен сотталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Бойжеткеннің ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 килограмм каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскен. Контрабанданың жолы ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда бірден кесілді, деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Әлеуметтік желілерде таралатын "оңай табыс" пен тегін саяхат туралы ұсыныстар халықаралық есірткі схемаларының бір бөлігі екені атап өтілді. Прокуратура өкілдері қылмыстағы рөліне қарамастан, оған қатысқандардың қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті.