Таиландтағы мектепте болған атыстан кем дегенде 20 адам жарақат алды, ал кейбір құрбандар қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Атыс Үлкен Бангкок агломерациясына кіретін Нонтхабури провинциясында болды. Khaosod басылымы 20 адамның жарақат алғанын хабарлады. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, полиция қаза тапқандар туралы айтқанмен, бірақ олардың нақты санын жарияламады.

Бұған дейін атыс жасаған адам оқушы болғаны хабарланған болатын. Кейінірек Thai PBS мемлекеттік телеарнасы орта мектептегі атыстан екі адам қаза тапқанын хабарлады. "Нонтхабуридегі танымал орта мектептегі атыстан екі адам қаза тапты", - деп хабарлады телеарна.