Тәжікстан Ішкі істер министрлігі балгерлер, сиқыршылар және жезөкшелерді, сондай-ақ олардың клиенттері мен туыстарын арнайы дерекқорға енгізуді бастайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған азаматтардың барлығы полицияның тұрақты бақылауында болады. Министрлікте бұл шара алаяқтар мен ырымшылдыққа қарсы бағытталғанын түсіндірді.
Азаматтарды беделдерін түсірмеу және ресми тізілімдерге түсіп қалмау үшін осындай адамдармен байланыстан аулақ болуға шақырады.
Бұл дерекқордағы ақпарат ресми сұраныстар бойынша берілетін болады.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстан ІІМ Kyzdar Net орнына келген «Тоқалқы Бар» атты жаңа интимдік қызметтер сайтының әкімшілерін іздеп жатқанын жазған болатын. Ведомство ресурсты тексеріп, оны кім жасағанын, қызмет көрсеткенін және одан ақша алып отырғанын анықтап жатқанын растады.
