Қазақстанға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақордада Тәжікстан президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті. Рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон екі елдің туын алып өткен тікұшақтарды тамашалады.

Бұған дейін, 5 қарашада, Иордания Королі II Абдалла Қазақстанға ресми сапармен келген болатын.