Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайынан қарсы алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Эмомали Рахмонның сапары 5-7 қараша аралығында жалғасатынын хабарлаған болатын.

«Екі елдің көшбасшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін қарастырады», - деді Смадияров сол кезде.

6 қарашада Астанада бірнеше мемлекет басшыларының қатысуымен Ақаба процесі саммиті өтеді.