Су айдындарындағы жазатайым оқиғалар мен адам өлімінің алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға бағытталған «Қауіпсіздік азимуты» республикалық профилактикалық акциясы өтіп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Акция аясында 1 шілде мен 10 тамыз аралығында 610 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Олар бойынша жалпы сомасы 9 446 231 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ведомство.
ТЖМ азаматтарды тек рұқсат етілген орындарда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, құтқару кеудешелерін пайдалануға, шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын сақтауға және ауа райы қолайсыз болған жағдайда суға шықпауға шақырады.
