Super Micro компаниясы Тайваньдағы екі қызметкерінің AI серверлеріне қатысты тергеу аясында ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу Super Micro компаниясының AI серверлеріне қатысты жүргізілуде. Компания қызметкерлердің ұсталуына қатысты толық ақпарат бермеген, алайда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу органдарымен ынтымақтастықта жұмыс істейтінін жеткізді.
