Степногорск қаласында көпбалалы аналарды қолдау және олардың қоғамдағы рөлін дәріптеу мақсатында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығына сәйкес, алты бала туып, тәрбиелеген аналарға мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, Абетова Меруерт Мухамедадильевна мен Бердибаева Багилаш Сарсенбаевна «Күміс алқа» алқасымен марапатталды. Бұл марапат – аналардың бала тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіне, отбасы құндылықтарын нығайтуға қосқан үлесіне берілген жоғары баға.

Салтанатты жиын барысында марапат иелеріне ізгі тілектер айтылып, олардың отбасыларына амандық пен бақ-береке тілінді. Көпбалалы аналарды қолдау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осындай марапаттар арқылы аналардың қоғамдағы мәртебесін арттыру, ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегін насихаттау көзделеді.

Ана – отбасының тірегі, ұлттың ұйытқысы. Ұрпақ тәрбиесіне адал еңбек сіңіріп жүрген аналарға құрмет көрсету – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Анаға деген құрмет – мәңгілік құндылық!