Ақмола облысы Степногорск қаласында ер адам өзінің итін балғамен ұрып өлтірді, себебі ол ескі және ауру жануарды ветеринарлық клиникада ұйықтатқысы келмеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Итке жасалған қатыгездіктің бейнежазбасы желі қолданушыларын дүр сілкіндірді. Қатыгездіктің куәгерлері өтіп бара жатқан адамдар мен балалар болды, оқиға орнына полиция шақырылды.
Ақмола облысы полиция департаменті жедел әрекет етіп, жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«11 маусымда Степногорск қалалық полиция басқармасына белгісіз ер адамның итті ұрып жатқаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері үй жануарының фигурантқа тиесілі екенін анықтады. Иттің жасына және жағдайының нашарлауына байланысты иесі жануарды ұйықтату туралы шешім қабылдаған», — деп хабарлады ведомство.
Алайда, ер адам ветеринарлық клиникада тиісті қызметті алудың орнына, итке балғаға ұқсас затпен бірнеше соққы жасаған.
Осы факті бойынша ресми тергеу басталды.
Айта кетейік, жануарға қатыгездік көрсету, оның өліміне әкеп соққаны үшін ер адамға: 200 АЕК-ке дейін айыппұл (2026 жылы 865 000 теңге); 200 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстар; 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қауіп төндіреді.
