Starlink Венесуэладағы жер сілкінісінен кейін пайдаланушыларға тегін интернет қызметін ұсынатынын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісі салдарынан байланыс желілері бұзылған аймақтарда Starlink спутниктік интернеті тегін қолжетімді болады. Бұл шара табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың байланыс қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.
