Ыстамбұлдың Бейоглу ауданында жарылыс болды, тұрғындар қатты түтінге байланысты ғимараттан эвакуациялануда, деп хабарлайды Sabah газеті.

««Шұғыл жаңалық: Бейоғлуда жер асты кабельдік құрылымдарда жарылыс болды. Көшедегі қалың түтінге байланысты тұрғындар ғимараттан эвакуациялануда», — деп хабарлайды газет.»

CNN Turk арнасының хабарлауынша, кемінде 10 адам жараланған.

Жарылыстың себебі мен қаза тапқандар саны әзірге нақтыланған жоқ.