Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 30 жастағы Қазақстан азаматын Түркияда ұстады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Polisia.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті 2021 жылдың тамызы мен қыркүйегі аралығында сыбайластарымен алдын ала сөз байласып, азаматтардың сеніміне кіріп, 6 миллион теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен иемденген.
16 шілдеде күдікті Түркиядан Қазақстанға депортацияланды. Оны елге қайтаруға еліміздің Анталья қаласындағы Бас консулдығы мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ықпал етті.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген төрт адамды ұстаған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, олардың әрекеттерінен келтірілген жалпы материалдық шығын 568 миллион теңгені құрады.
