Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында үш бала көшеде ойнап жүріп, жидек жеп уланды. Олар Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, балалар волчья жидегін (қасқыр жидегі) жеп қойған. Олардың қанша жегенін ата-аналары білмейді. Алғашында аудандық ауруханаға көмек сұрап жүгінген. Тексеру мен зерттеулерден кейін балаларды реаниматологтың сүйемелдеуімен Петропавлға жеткізген.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы үш баланың да жағдайы қанағаттанарлық екенін хабарлады. Олар — үш жасар бала, бес жасар қыз және сегіз жасар бала.

«Үш жасар бала есінде, өзін жақсы сезінеді, тәбеті сақталған. Бес жасар қыз бен сегіз жасар баланың жағдайы да қанағаттанарлық. Балалар есінде, қажетті ем қабылдап жатыр», — деді дәрігерлер.

Үшеуі де дәрігерлердің бақылауында қалып отыр.