Солтүстік Қазақстан облысында медицина қызметкеріне күш қолданған ер адам сотталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2025 жылдың қараша айында Петропавл қаласындағы облыстық ауруханада болған. Ер адам медицина қызметкеріне ауыр дене жарақатын келтірген. Сот оны Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, одан 1 миллион теңге көлемінде айыппұл өндірілді.