Қазақстандық жүзушілер Софья Сподаренко мен Айбат Мырзамуратов Азиат ойындары-2026 финалдарында өнер көрсетті. Сподаренко 50 метр баттерфляй қашықтығында алтыншы орын алса, Мырзамуратов 50 метр брасс қашықтығында оныншы орынға тұрақтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдер финалында Сподаренко қашықтықты 26,49 секундта жүзіп өтті. Жеңімпаз атанған қытайлық Чжан Юйфэй болды. Оның отандасы У Цинфэн күміс жүлдеге қол жеткізсе, жапондық Рикако Икээ үшінші орынды иеленді.

25 қыркүйек. Жүзу. 50 м баттерфляй. Әйелдер. Финал

🥇 1. Чжан Юйфэй (Қытай) – 25,41 🥈 2. У Цинфэн (Қытай) – 25,62 🥉 3. Рикако Икээ (Жапония) – 25,97 …6. Софья Сподаренко (Қазақстан) – 26,49

Тағы бір қазақстандық София Абубакирова осы қашықтықта квалификацияда өнер көрсетіп, 12-орынды иеленді.

Мырзамуратов ерлер финалында 50 метр брасс қашықтығында 27,98 секунд нәтиже көрсетіп, оныншы орынға тұрақтады.

Алтын медальді қытайлық Цинь Хайян жеңіп алды. Екінші орынды оның отандасы Лю Цзюньцзе иеленсе, қола жүлдені жапондық Син Охаси жеңіп алды.

25 қыркүйек. Жүзу. 50 м брасс. Ерлер. Финал

🥇 1. Цинь Хайян (Қытай) – 26,68 🥈 2. Лю Цзюньцзе (Қытай) – 26,99 🥉 3. Син Охаси (Жапония) – 27,01 …10. Айбат Мырзамуратов (Қазақстан) – 27,98

Біздің құраманың тағы үш өкілі өз пәндері бойынша квалификациядан өте алмады. Александр Румынский 200 метрге шалқалап жүзу қашықтығында 11-орынды иеленсе, Максим Сказобцов 200 метр баттерфляйда 16-орынға тұрақтады, Федор Диденко 400 метрге еркін жүзуде 19-нәтиже көрсетті.

Бір күн бұрын Қазақстанның ерлер құрамасы 4×100 метр еркін жүзу эстафетасының финалында бесінші орын алды. Адильбек Мусин де 50 метр баттерфляй финалында сегізінші орынға тұрақтады.