SpaceX компаниясының Starship кемесінің қозғалтқышы істен шықты, бұл NASA-ның Ай миссиясының мақсаттарына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Starship қозғалтқышының ақауы NASA-ның Айға қайта оралу бағдарламасына қауіп төндіреді. Аталған мәселе ғарыш агенттігінің жоспарларын қайта қарауға мәжбүр етуі мүмкін.
Ақаулықтың нақты себептері мен салдары туралы қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ. SpaceX пен NASA ресми түсініктеме бермеді.
