SpaceX компаниясы Starship зымырандарын отынмен қамтамасыз ету үшін «Starpipe» деп аталатын табиғи газ құбырын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба аясында құбыр арқылы табиғи газ тасымалданып, ол Starship зымырандарына отын ретінде пайдаланылатын сұйытылған метанға айналдырылады. Бұл SpaceX-тің ғарыштық ұшу бағдарламасын дамытудағы маңызды қадамы болып табылады.