Илон Масктың SpaceX компаниясы Starlink спутниктік интернет жүйесі арқылы АҚШ тұтынушыларына мобильді байланыс қызметін ұсынуды мақсат етіп отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Financial Times газетінің хабарлауынша, SpaceX компаниясы Starlink желісін мобильді операторларға арналған қызмет ретінде дамытуда. Бұл қадам АҚШ-тағы тұтынушыларға спутниктік байланыс арқылы ұялы телефон қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.
SpaceX бұл бағытта жұмыс істеп жатқанын растады, бірақ нақты мерзімдер мен тарифтер туралы ақпарат әзірге жарияланбады. Компания Starlink арқылы мобильді байланыс қызметін көрсету үшін қажетті рұқсаттарды алу үшін АҚШ реттеушілерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.
