SpaceX компаниясы өз нәтижелерін дәстүрлі ақпарат агенттіктерін айналып өтіп, тек веб-сайты мен X әлеуметтік желісінде жариялайтын болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шешім компанияның ақпарат тарату тәсілін өзгертуінің бір бөлігі болып табылады. Бұдан былай SpaceX жетістіктері мен жаңалықтары тек ресми веб-сайт пен Илон Маскке тиесілі X платформасында ғана жарияланады.
